2015 жылғы 25 ақпан, Астана қаласы
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Бұйырамын:
1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту тұралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9936 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада еткізу және пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.ШКОЛЬНИК