• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

Едәуір есірткі тәркіленді

247 рет
көрсетілді

Қазақстандық шекарашылар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүргізген іс-шара нәтижесінде 23 кг-нан астам есірткі заттарын тәркіледі. Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Мерке» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген арнайы іс-шара барысында қызметтік иттің көмегімен Мерке ауылындағы бір тұрғынның  қоражайынан скотчьпен оралған екі пакет тапты. Сараптама қорытындысы оның есірткі заттары «гашиш» пен «марихуана» екендігін көрсетті. Таразыға салып өлшегенде «гашиш» 990 грамм, ал «марихуана» 21кг 720 грамм болып шықты. Осы күні тағы бір үйдің ауласындағы кірпіштің астынан полиэтиленді түйіншек табылып, оның ішінен 1 килограммға жуық есірткі заты «гашиш» алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.