• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

Биыл Еуропаға 177 мың босқын келді

255 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 сәуір. Еуропаға осы жылы 177 мыңнан астам босқын қоныс аударды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Миграция бойынша халықаралық ұйым 2016 жылы 177 мың 207 адам Жерорта теңізі арқылы Италия, Грекия, Испания елдеріне көшіп келгенін мәлімдеді. Оның 153 мыңнан астамы Грекияда қалған. Сондай-ақ, 732 мың мигрант із-түзсіз жоғалып кетті. Аталған ұйымның хабарлауынша, наурыз айымен салыстырғанда сәуір айының жартысына дейін келген босқындардың қатары азайған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».