АСТАНА. 16 сәуір. Түркияда арнайы операция кезінде «Күрдістан жұмысшылар партиясының» 18 мүшесі мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы Эфкан Ала осыған дейін мемлекеттің оңтүстік-шығысындағы бірқатар елді мекенде комендаттық сағаттың жарияланғанын мәлімдеді. Қазір антитеррористік операция Юксекова, Ширнак және Силопи қалаларында, Хаккари, Мардин провинцияларында жүріп жатыр.
«Бір тәуліктің ішінде «Күрдістан жұмысшылар партиясының» Ширнак және Силопи аймағында 7 мүшесі, Юксековта 7 және Нусайбинде 4 мүшесі мерт болды», – деп мәлімдеді әскери ведомство. Сондай-ақ, бас штабтың хабарлауынша, арнайы операция жұмысы басталғалы бері 600 содырдың көзі жойылған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».