• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2016

Жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 24 адам мерт болды

194 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 сәуір. Перудің орталығындағы Паско аймағында жолаушылар мінген автобус құзға құлап кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Апат салдарынан 24 адам мерт болды. Сондай-ақ, 29 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алды. Қазір олар ауруханаларға жеткізілді. Науқастардың жағдайы туралы әлі ешнәрсе белгісіз. Көз жұмғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Автобус мемлекет астанасы Лима қаласынан Серро-де-Паско қаласына бағыт алған. Алдын ала болжам бойынша, полиция қызметкерлері жүргізушіні кінәлі деп отыр. Рульде отырған оның назары басқа жаққа ауып кеткен. Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: 24.kz.