АСТАНА. 17 сәуір. Эфиопияның Судан елімен шекаралас аймағындағы Гамбела провинциясында лаңкестердің шабуылынан 140-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Эфиопияның байланыс министрі Гетачу Раданың айтуынша, Оңтүстік Судан елінен келген қарулы топ бейбіт тұрғындарға бей-берекет оқ жаудырған. Мерт болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Ал үкімет әскері 60 экстремистің көзін жойды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: kp.ua.