• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2016

Головкин Pound-for-pound рейтингісінде топ бастады

203 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 сәуір. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемдегі үздік боксшылардың рейтингісінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, International Business Times басылымы құрастырған рейтингіде Геннадий Головкин салмақ дәрежелеріне қарамастан (Pound-for-pound, P4P) әлемдегі ең үздік боксшылардың тізімінде көш бастады. Рейтинг авторлары атап өткендей, қазақстандықтың 34 жеңісінің ішінде әлемге әйгілі боксшылардың есімі болмаса да, Головкиннің мықтылығы сол – дүние жүзіндегі ең үздік деген былғары қолғап шеберлері онымен күш сынасудан тайсақтайды. Ол шаршы алаңда қарсыластарының бәрін де айқын басымдықпен жеңіп келеді. Өзінің канадалық Давид Лемьемен өткізген соңғы жекпе-жегінде де қарсыласын бетқаратпай ұтып, қатарынан 21-ші нокаутқа қол жеткізді. Айта кетейік, санаулы күннен кейін Лос-Анджелес қаласында Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде 24 сәуір күні таңертең көре алады. Осы жекпе-жектің жеңімпазы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен британиялық Амир  Хан арасындағы тартыста  мерейі үстем болған боксшымен қолғап түйістіреді. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: vesti.kz.