• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2016

Қарағандыда соғыс ардагерлері 150 мың теңге жәрдемақы алады

350 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 сәуір. Қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің әрқайсысы жеңіс мерекесі қарсаңында 150 мың теңгеден жәрдемақы алады. Бұл туралы nv.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 150 мың теңгеден жәрдемақы алса, арнайы жеңілдігі бар басқа санаттағы қарияларға 10 мың теңгеден беріледі. Бір реттік бұл жәрдемақыға деп қала бюджетінен 93 миллион 450 мың теңге қарастырылған. Ақша жәрдемақы алушылардың атына арнайы ашылған есепшоттарға аударылады. Қарағандыда 15 сәуір мен 9 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне арналған 35 қайырымдылық акциясы өтеді деп жоспарлаған. Бұл шараларға 1125 адам қатысады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: nv.kz.