• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2016

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6 туры өтті

444 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 сәуір. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6 турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турда қызықты матчтардың бірі Шымкентте болды. Жергілікті «Ордабасы» командасы Алматының «Қайрат» клубын 2:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде төртінші орынға шықты. Ал «Қайрат» әзірше лайықты ойын өрнегін көрсетер емес.  Алматы командасы 6 матчтан кейін бір ойынды ғана жеңіп, екі рет тең ойнап, үш кездесуде ұтылды. Басқа матчтар да қызықты және тартысты өтті. Соның ішінде «Оқжетпес» клубының сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңгенін айтуға болады. Осы жеңіс турнир кестесінде көкшетаулықтарды үшінші орынға шығарды. Қазір олар 13 ұпаймен «Астана» мен «Ертіс» командаларының соңынан келеді. «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайрат» (Алматы) 2:0 (0:0) Гол: Филипп Касалица 54 «Жетісу» (Талдықорған) – «Тараз» (Тараз) 2:1 (0:0) Голдар: Душан Савич 47, Марко Симоновски 58 – Малик Мане 65 «Астана» (Астана) – «Тобыл» (Қостанай) 1:0 (0:0) Гол: Лукман Аруна 63 «Атырау» (Атырау) – «Ақжайық» (Орал) 2:0 (2:0) Голдар: Павел Шабалин 4, Пшемыслав Трытко 19 «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ертіс» (Павлодар) 1:1 (0:1) Голдар: Самат Смақов 87 – Гогита Гогуа 22 «Шахтер» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:1 (0:1) Гол: Олександр Чижов 31 Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz