• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

30 мың жауынгер

618 рет
көрсетілді

биылғы шақыруда әскер қатарына қосылады Жыл сайын елімізде «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 30 мыңға жуық ер азамат шақырылады. Биылғы жылы да Қарулы Күштер қатарына сол шамаға жуық жауынгер қосылады. Осыған байланысты 1 сәуірде көктемгі шақыру басталды. Онда 15 мыңнан аса бозбала мерзімді әскери қызметке шақырылды. Екінші толқын күзде әскери борышын өтеуге барады. Қазір Қазақстанның Қарулы Күштерінде заң бойынша 12 ай әскери борышын өтеген жауынгерді әскерден босату басталды. Қолда бар мәлі­меттерге қарағанда, Құрлық әскерлері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 850-ге жуық, «Шығыс» ӨңҚ 550-ден аса, «Батыс» ӨңҚ 500-ге тарта, «Ас­тана» ӨңҚ шамамен 50 әскери қызметші, Аэроұтқыр әскер­лерінен 900-ге жуық, Әуе қор­ғанысы күштерінен 950-ге тарта, Әс­кери полициядан 30-ға жуық, СК – Қор­ғаныс министрлігі АОСК-дан 25-тей әскери қызметші босатылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босату жыл сайын жүргізіледі. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»