2016 жылғы 11 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ