• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Астанада Еуразиялық медиа форум басталды

269 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 сәуір. Астанада XIII  Еуразиялық медиа форум басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы басқосуда әлемдік экономиканың болашағы,  алпауыт елдердің жаңа саяси мүдделері сияқты көпшілікті толғандырып жүрген мәселелер талқыланады. Сонымен бірге ЕАМФ-2016 бағдарламасы аясында делегаттар «Таяу Шығыстағы өзгерістердің салдары», «Еуропалық одаққа (ЕО) мүше болу: ақиқат пен аңыз», «ЕО-ның ыдырауы мен осы үрдістің жаппай сипат алу ықтималдығы», «Мұнай елдерінің жаңа имиджі мен ел бренді құны» деген тақырыптарда баяндама жасап, өз пікірлерін білдіреді. Медиа форумның жұмысына 400-ден астам делегат қатысады. Соның ішінде Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро сияқты танымал саясаткерлер бар. ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Еуразиялық медиа форум белгілі саясаткерлер мен журналистердің басын қосып, Шығыс пен Батыс арасында өзара түсіністікті қалыптастыруға атсалысады. Біз аса маңызды жаңалықтар легімен жұмыс істейміз», деді. Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру комитетінің мәліметіне қарағанда, осы шараға қатысу үшін Қазақстанға әлемнiң 50 елiнен 30 спикер мен 400 делегат келдi. Бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкiлi форумнан хабар тарататын болады. Форумды ЕАМФ-2016 ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева сөз сөйлеп, ашты. Одан кейін күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау басталды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz