• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Көлік компаниясы өз тұтынушыларына 1 млрд. доллар өтемақы төлейді

288 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 сәуір. Volkswagen компаниясы АҚШ билігімен көлік иелеріне 1 миллиард доллардан астам өтемақы төлеу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы infox.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Немістің танымал автоконцерніне заңсыз түрде қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатқанына байланысты бірқатар елдер ірі көлемде айыппұл салған. Тексеру кезінде окись азотының АҚШ-та рұқсат етілген мөлшерінен 40 есе асып кеткені анықталды. Осы істен кейін аталған концерн санаулы күннің ішінде 20 миллиард еуроға жуық шығынға батты. Ал акциялары 34 пайызға арзандады. Даулы жағдайға байланысты компания директоры Мартин Винтеркорн отставкаға кетіп, орнына Маттиас Мюллер келді. Сатылымға шығарылған көліктердің басым бөлігі кері қайтарылды. Аян Әбдуәли. Дерек: infox.ru. Фото: maximum-autoservice.ru.