АСТАНА. 21 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалған 7 жастағы Инабат Іңкәр мен оның туысы Әшіркүл Баймұратованың мәйіті табылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құтқарушылардың болжамы бойынша, әйел мен бала тоңғаннан көз жұмуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, оқиға Түлкібас ауданындағы Дәубаба ауылында болған. Туыстарына қыдырып барған Әшіркүл Баймұратова кішкентай Инабат есімді сіңілісін ертіп, Дәубаба тауына қарай кештетіп серуендеп келуге шығып кеткен. Содан қайта оралмаған.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.