• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Содырлардың шабуылынан 11 адам мерт болды

267 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 сәуір. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Занго елді мекенінде «Боко Харам» лаңкестік ұйымының шабуылынан 11 адам мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, содырлар түнде бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Осының салдарынан баспаналарын тастап, орманға қашуға мәжбүр болған. Экстремистер үйлерді қиратып, қыстақты түгелімен өртеп кетті. Мұндай жағдай осыдан екі апта бұрын Гулани аймағында да болған. Ол кезде террорлық әрекеттен 20 адам опат болды. Айта кетейік, бұл топтың террорлық шабуылынан 2009 жылдан бері 20 мыңға жуық адам мерт болып, ондаған мыңы түрлі деңгейде жарақат алған. «Боко Харам» көбіне Камерун, Нигерияның солтүстік бөлігінде және Чад елдерінде шабуыл жасайды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».