АСТАНА. 21 сәуір. Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай Еуразиялық медиа форумда сөйлеген сөзінде әлемнің түкпір-түкпірінде ара-тұра бас қылтитып, жүздеген, мыңдаған адамның өмірін қиып жатқан террористік әрекеттерге саясаткерлердің кінәлі екенін атап өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ол форумда терроризм проблемасына тоқталып, оның әлемдік қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндіріп жатқанын айтты. «Қазіргі таңда терроризм дүниежүзі бойынша бұрын-соңды болмаған өзекті проблемаға айналды. Ешкім, ешқандай ел лаңкестердің шабуылынан сақтанып отырған жоқ. Мен өзім ел басқарған адам ретінде терроризмнің жапай етек алуына саясаткерлердің кінәсі бар дегім келеді. Өйткені, олар террористерді барлық жағынан қолдап отыр», деді ол.
Кезінде Хамид Карзай Ауғанстанның президенті ретінде әлемнің ең зиялы мемлекет басшысы атанған болатын.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz