АСТАНА. 21 сәуір. Атырау облысындағы Құлсары қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа туылған нәрестені Құлсары қаласының №3 шағын ауданын жинап жүрген әйел тауып алған. Ол: «Қоқыс жинап жүргенде жәшіктен кішкентай нәрестені көрдім», – дейді. Тәртіп сақшылар оның қыз бала екенін айтты. Сондай-ақ, полицейлер аталған дерекке орай Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
«Тергеу жүргізілуде, оның барысында анасының кім екені және баланы өлтіру себебі анықталатын болады», – деді Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Г. Мұқтарова.
Талғат Райымбек.
Дерек: inform.kz.
Фото: otyrar.kz.