• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Әнші Роджерс Нельсон қайтыс болды

337 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 сәуір. АҚШ-та ритм-энд-блюз стилінде ән шырқайтын танымал Принс Роджерс Нельсон 58 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның агенті Иветт Ноэль-Шуре Принстің денесі Миннеаполис қаласына таяу жердегі өз үйінде табылғанын мәлімдеді. Әншінің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Алайда, соңғы апталарда тұмау ауруымен ауырып жүргені белгілі болатын. Осыған байланысты 15 сәуір күні оның жеке ұшағы жағдайының күрт нашарлауына байланысты Иллинойс штатына қонуға мәжбүр болған. Бірақ келесі күні ол тыңдармандарының алдында концертін өткізді. Принс Роджерс Нельсон 1982 жылы өзінің «1999» деген атпен шыққан альбомының арқасында бүкіл әлемге танылған. Тыңдармандары оны әйгілі Майкл Джексоннан кейінгі дарынды әнші деп есептейтін. Талантының арқасында «Оскар», «Грэмми» және «Алтын глобус» сынды бірқатар жүлделердің жеңімпазы атанған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: pinterest.com.