ШЫМКЕНТ. 25 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik tourism center» ашылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаеваның ақпары бойынша еgemen.кz тілшісі хабарлады.
Туризм-табысы көп сала. Әлемдегі күрделі жағдайларға байланысты көптеген мемлекеттер жылдағы демалушыларынан айырылып қалды. Теңіз жағалауы бос қалған Түркия мемлекетінде қонақ үйлер сатылымға шығарылып жатыр. Осында жағдайда халықаралық террордан қаупі жоқ Қазақстанның туристтік әлеуеті жоғары көрінеді.
«Бүгінгі таңда туристерді шақыру мақсатында орталықпен жақын және алыс шетелдік ұйымдардың тізімі белгіленген. Нақтырақ айтсақ, басым елдер арасынан Орталық Азия нарығына жұмыс жасайтын 500 туроператор мен конвеншн орталықтарының тізімі түзілді. Сонымен қатар, 505 зиярат жасайтын тарихи-археологиялық нысандар мен жиі баратын орындардың тізімі жасалды», деді Перизат Тайбекқызы.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz