• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Шайтанның суреті табылды

1144 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Египетте ғалымдар шайтанның суретін тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шайтанның суреттері Египеттің Орта Патшалық дәуірінде салынған екен. Суреттерге 4 000-нан астам жыл болыпты. Екі суретті ғалымдар Мысыр елінің Орта Патшалық заманында жерленген адамдардың моласынан тапса, біреуі Каир қаласындағы Египет мұражайынан шыққан. Бір суретте Интеп есімді әзәзіл бабуин маймылға ұқсас етіп салынса, екіншісі Хери-бенут деген жын адам ретінде бейнеленген. Үшінші шайтан Икенти мысық басты үлкен құс болып салынған. Бұл суретті Ваэль Шербини деген ғалым Египет мұражайының қоймасынан тапқан. Бұған дейін шайтанның суреттері ежелгі Мысыр елінен келе жатқан жазбаларда ғана айтылған болатын. Енді, ғалымдар сол суреттерді жарыққа шығарып, ежелгі заманда кейбір адамдардың әзәзілмен байланысы болғанын анықтады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Live Science