• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Қытайда Универсиадаға қызығушылар көп

239 рет
көрсетілді

Келесі жылы Алматыда өтетін Универсиадаға Қытайдың Қорғас аймағынан 5000-ға жуық турист келеді. Бұл туралы қысқы Ойындарды ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі дирекция хабарлады. Қолда бар мәліметтерге қара­ғанда, Қорғас қалалық туризм басшылығы Бүкіләлемдік Универсиадаға көп адам апару үшін маркетингтік жоба жасап, қытай халқына Универсиаданы барынша насихаттағысы келеді. Қытай аймағының басшысы Ван Шулиньнің айтуынша, олар былтыр шетелге 18 000-ға жуық туристі апарған. Бұл – мар­кетингтік компанияның атқарған жұмысының нәтижесі. – Енді біз Алматыда өтетін Универсиаданы барынша насихаттап, Қазақстанға көп турист апарғымыз келеді. Уни­версиаданы насихаттау жұмы­сына Қазақстан ешқандай шығын шығармайды. Бәрін өзіміз көте­реміз, – дейді ол. Қазір Универсиаданың басталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Сондықтан, қысқы Ойындарды ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі дирекция аталған жарысты жан-жақты насихаттау, қаланың имиджін көтеру бойын­ша кез келген елмен жұмыс іс­теуге дайын тұр. Жұмыстарын жасап та жатыр. Жақында Ал­ма­тыда Универсиаданың туристік мүмкіндігіне арналған KITF-2016 көрмесі өтті. Онда еліміз бен Универсиада туралы кеңінен мәлімет берілді. Универсиаданы ұйымдастыру және оны өткізу жөніндегі дирек­ция басшысы Дастан Сейт­қа­зиннің айтуынша, жарыстар кезінде қалаға 30 000-ға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр. Қазір қазақстандық ту­ристік компаниялармен бірге Уни­версиаданың тур-пакеті ж­а­салып жатыр. Тур-пакетте ту­ристердің виза мәселесін ше­шуі, қонақүйлерге орналасуы, жарыс билеттерін оңай жолмен сатып алуы қарастырылуда. Рүстем ЖҰМАН