• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

316 рет
көрсетілді

Қостанайда Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев болып, Қазақстан Республикасы – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шең­берінде Жер кодексіне өзге­рістер енгізілуіне байланысты заңнамаларды қолдану нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша кеңеске қатысты. Онда Қайырбек Айтбайұлы ауыл ша­руашылығына пайдаланатын жерлерді жекеменшікке беру тетіктері, соған орай салық заң­дарына енгізілген өзгерістер, аукционға түскен жер учаскелерін сатып алу қағидалары туралы айтып берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмағанбетовтің айтуынша, облыста осы кезге дейін 45 300 гектар жер же­ке­­мен­шіктің қолында, қалған ауылшаруашылық мақсатындағы 10 100 506 гектар сатылуға жа­рам­ды деп есептеледі. Жердің же­кеменшікке сатылу тетіктері ту­ралы мәселені облыстағы ауыл­шаруашылық тауарларын өн­дірушілер, кәсіпкерлер тыңдап, министрдің орынбасарына және онымен бірге келген мамандарға сұрақтар берді. Олар көбіне ауылшаруашылық мақсатындағы жер сатылғанда оның бағасы бонитетіне қарай ескерілсе деген тілек айтты. Өйт­кені, диқандар қандай да күтім болғанымен өнім алуда жер­дің табиғи бонитеті басты көр­сеткішті беретінін айтты. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев жергілікті кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық тауарларын өн­­­дірушілер және журналистер сұрақ­тарына жауап берді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ