• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Ресейдегі қазақтардың жай-күйі қалай?

567 рет
көрсетілді

Мәскеуде Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы Төрағасы­ның бірінші орынбасары Талғат Мамашев Қазақстанның Ресей­дегі Төтенше және өкілетті ел­шісі Марат Тәжинмен кездесті. Онда Ресей қазақтарының және олар­дың ұлт­тық мәдени орталықтарының қазір­гі жай-күйі мен болашағы талқыланды. Кездесуге Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени авто­номиясының президенті Тоқтар­бай Дүйсенбаев пен Мәскеу қазақтарының «Мұрагер» ұйымының жетекшісі Ерназар Нұриев қатысты. Ресми деректер бойынша қазір Ресейде тұрып жатқан қазақтардың саны 1 миллионға жуықтайды. Олар негізінен Қазақстан шекарасы­на таяу Алтай, Новосібір, Омбы, Челябі, Қор­ған, Орынбор, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарында ор­на­ласқан. Ал еуропалық бөлігіндегі қазақ­тар негізінен қалаларда тұрады және олардың саны айтарлықтай көп емес. Ресейдегі 30-дан астам ұлттық-мәдени автономиялар арасында 18-ші болып құрылған Ресей қазақтарының федералдық ұлттық мәдени автономиясына келесі жылы 10 жыл толғалы отыр. Осыған орай мамыр айының алғашқы жартысында М.Тәжин Т.Дүйсенбаевты арнайы қабылдап, Ресей қазақтарының Қазақстанмен мәдени және экономикалық қарым-қатынасын жандандыру жайы бірлесіп талқыланатын болады. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ МӘСКЕУ