• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Ассамблеяның депутаттық тобы

303 рет
көрсетілді

«Көк байрақты асқақтата көтерейік» деп аталатын үндеу қабылдады Кеше Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының кезекті отырысы болды. Депутаттық топ Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясының қорытындылары мен алдағы атқарылар мақсаттарын талқылады. Өткен сессия жайында баяндаған депутаттық топ жетекшісі Сауытбек Абдрахманов: «Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы XXIV сессиясының қоры­тындылары туралы» мәселенің қаралуы бекер емес. Күні кеше біз Ассамблея үшін тарихи күннің куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ас­самблеяның алдына үлкен міндеттер қойды», – деп бастады отырысты. Ол, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассам­блеясының кезекті ХХІV сессиясы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» аталғанын атап өтті. Бүгінгі күні қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өзекті мәселе екендігіне тоқталды. Елбасының арқасында Қазақстан әлем алдында құрмет пен абыройға бөленіп отыр. Бұл сөздердің дәлелділігін біз Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Әлем.XXI ға­сыр» манифесінен көрдік, деді С.Абдрах­манов. ҚХА депутаттық тобының жетекшісі келесі кезекте Мемлекет басшысы жиналған халық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ең құнды байлықтарының бірі екендігін айрықша атап өткеніне тоқталды. Сонымен қатар, сессияда «Мәңгілік Ел» – Патриоттық ак­тісі қабылданды. С.Абдрахманов Қа­зақстан Президентінің қабылданған Актіні жалпыхалықтық мұраттың құжаттағы үлгісі деп атап өткеніне назар аударды. Отырыста Мәжіліс Төраға­сы­ның орынбасары Владимир Божко сөз алып, кешегі өткен ҚХА сессиясында Қазақ­стан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың нақтылаған бағыт­тары жайына тоқталды. Қабылданған Пат­риот­тық актідегі қалыптастырылған ұлт­тық идеяларды парламентшілер халық­қа жеткізуі қажеттігін қадап айтты. Осы мақсатта және Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институттық рефор­масын жүзеге асыру бойынша бес депу­таттық жұмыс тобы құрылғанын ха­бар­лады. Депутаттық топ мүшелері пікір алмаса келіп, өз топтарының құрамын және жетекшілерін бекітті. Ал топтың алдағы мақсаттары жайында Қуаныш Сұлтанов, Галина Баймаханова, Меруерт Қазбекова және Ахмет Мурадов әңгімеледі. Талқылаудың қорытындысы нәтиже­сінде депутаттық топ Парламент Мәжілі­сін­дегі Қазақстан халқы Ассамблеясы де­путаттық тобының үндеуін қабылдады. * * * Отырыста депутаттық топтың алтыншы шақырылымының бірінші сессия­сындағы жұмыс жоспарын топ хатшысы, депутат Наталья Жұмаділдаева таныстыр­ды. Оның ақпараттарын тың­даған де­путаттық топ палатаның Вице-спи­кері Владимир Божконың ұсыны­сын есепке ала отырып, өздерінің жұмыс жоспарларын бекітті. Аян ҚУАНДЫҚ