• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Еліміз рөліне елеулі назар

253 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Ара­бия­сының Қазақстанға тәуелсіздіктің ал­ғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көр­сетіп келе жатқанын атап өтті. Екі елдің түрлі саладағы жемісті ық­пал­дастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, екі елдің ұзақ мерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын алға тартты. Ә.әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол біздің елдің Ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды.