• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Әскери ойындарға дайындық

306 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери медициналық қызметтер алғаш рет «Әскери медициналық эстафета» байқауында Армия халықаралық ойындарына қатысады. Осыған байланысты жақын­да Құрлық әскерлерінің Гвар­дейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында бай­қау­дың ашылу рәсімі өтті. Онда 34 әскери-медициналық маман жаттығудан өтіп, Құр­лық әскерлері арасында «Әс­ке­ри-медициналық эстафета» бай­­қауына қатысатын болып ше­шілді. Байқаудың мақ­саты – халықаралық әскери ын­ты­­мақтастықты нығайту, әске­ри қызмет пен медициналық ма­ман­­дардың әскери-кәсіптік қызметінің беделін арттыру. Сайыста «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік» аталымдарында үздіктер анықталады. Содан кейін конкурстың жеңім­паз­дары Ресейде өтетін Армия ойындарына қатысады. Қазіргі кезде Армия халықара­лық ойындарында ел намысын қорғайтынын әскерилерді анық­тау жұмыстары жүргізілуде. Жуырда осы ойындарға қаты­суға арналған тағы бір байқау өтті. Ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарас­ты «Айша-бибі» полигонын­да өтіп, оған 5 командадан құралған әскери қызметшілер қатысты. Сайыста «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қол­бас­шылықтары мен Аэроұтқыр әскер­лерінің әскери қызметшілері жақ­сы қырынан көрінді. Әскерилер «Қару-жарақ шебері» байқауында АК-74 пен артиллериялық қару-жарақты бөлшектеп жинады. Одан кейін қару-жарақты тексеріп, сол қарудан межеге оқ атып, 400-500 метрлік эстафетаны жүгіру тапсырмасын орындады. Байқаудың соңында «Оң­түстік» ӨңҚ 01731 әскери бөлі­мі бірінші орынды, «Шығыс» ӨңҚ ко­мандасы екінші орынды иелен­ді. Аэроұтқыр әскерлері, «Батыс» және «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылықтары Қарулы Күштер Құрлық әскерлері бас қол­басшысының грамотасымен марапатталды. Енді жеңімпаз командалар Армия ойындарына дайындалады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»