500-ден астам жас ұстазға берілді
Павлодар облысында 528 педагог жас маман жаңа жұмысқа жолдама алды. Енді олар еңбек жолын облыстағы орта мектептерден бастайды.
Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, биыл педагогикалық мамандықтар бойынша Павлодардағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарын мыңнан астам түлек бітіреді. Аталған басқарманың маманы Балжан Әділханова: «Ауылдық квота бойынша – 87 түлек, аудан және қала әкімдерінің гранты бойынша – 77 мектеп бітіруші және Қазақстандағы білім беру гранттары бойынша 413 түлек жоғары оқу орындарында білім алды», – дейді. Сондай-ақ, ол көп тілде оқыту бағдарламасы бойынша ПМПИ-дің 82 түлегі оқу жылын аяқтап жатқанын айтты.
–Жұмыс орындарына бөлу кезінде бітіруші дипломының орташа балы ескеріледі. Аймақтағы білім беру ұйымдарына жіберілген 520 түлектің 351-і жоғары оқу орындарының және 169-ы колледж бітірушілер, – деді Балжан Әділханова.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»