АСТАНА. 28 сәуір. Семейде автокөлік ағашқа соғылып, салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы zakon.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қайғылы оқиға Семей қаласындағы Гагарин мен Шугаев көшелерінің қиылысында болған. Онда «Рено-Сандеро» маркалы автокөлік жолданы шығып кетіп, ағашқа соғылған.
Полицейлер қаза болғандардан бөлек, бір жолаушының дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Айта кетейік, көлікте тек ер азаматтар болған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, сараптама тағайындалған.
Талғат Райымбек.
Дерек: zakon.kz.
Фото: tverigrad.ru.