• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 259

280 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан,  Алматы қаласы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында: 33-тармақ алып тасталсын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін. 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылған қаулыларының тізбесі 1. «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген). 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы  № 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 тіркелген). 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1152 тіркелген). 4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 тіркелген). 5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 362 қаулысы (Нормативтік құқық­тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 тіркелген, 2002 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 29, 635-құжатта жарияланған). 6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 64-65 (23275) жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы. 7. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 тіркелген). 8. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 мамырдағы № 74 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2004 жылғы 12 маусымда «Казахстанская правда» газетінде № 132 (24442) жарияланған). 9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәсе­лелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) Қосымшаның 1-тармағы. 10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелген). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен бекітілген Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу  қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң), «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) болып табылатын банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін белгілейді. 2. Жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ашылған корреспонденттік шот­тардан жүйеге аударылған ақшаны пайдалана отырып, оның қатысушылары (пайдаланушылары) арасында төлем­дерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған жүйелік-маңызды төлем жүйесі болып табылады. 3. Жүйеде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру оның пайдаланушысының әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жүргізіледі. 4. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аудиторлық із – жүйеде электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу, жүйе бойынша ақпаратты Орталық және жүйе пайдаланушылары сақтайды; 2) аутентификация – төлем және ақпараттық хабарлар алмасу кезінде жүйе пайдаланушыларының тұпнұсқалығын растау үшін шаралар кешені; 3) әлеуметтік бағыттағы төлемдер – мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және (немесе) жәрдемақы төлемдері, әлеуметтік және өзге төлемдер, бюджеттен төленетін тұрғын үй төлемдері және өзге төлемдер; 4) бағдарламалық-техникалық жүйе кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйеден, серверден және жүйе терминалынан, коммуникация құралдарынан (деректерді беруден) тұратын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар; 5) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – жүйенің әдеттегі (күнделікті) режимдегі жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық жүйе кешені; 6) бағдарламалық-техникалық жүйе кешенінің резерв орталығы (бұдан әрі – резерв орталығы) – стандарттан тыс жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық жүйе кешені; 7) банкаралық клиринг жүйесі – операторы Орталық болып табылатын, пайдаланушылардың нұсқауларын көпжақты клирингтеу жолымен оның пайдаланушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі; 8) бейрезидент қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасынан тысқары құрылған, тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар, жүйенің пайдаланушысы болып табылмайтын және пайдасына трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілетін не одан алынған жеке немесе заңды тұлғаға қызмет көрсететін қаржы ұйымы (банк); 9) дебеттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-бенефициар болып табылатын ақша аударымы; 10) жиынтық төлем хабары – пайдаланушылар клиенттерінің бірнеше төлем құжаттарының (нұсқауларының) негізінде пайдаланушы қалыптастырған төлем хабары; 11) жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше пайдаланушының міндеттерін орындамауынан туындаған, бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша бір немесе бірнеше пайдаланушы міндеттемелерінің орындалмау тәуекелі; 12) жүйелік-маңызды төлем жүйесі – үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын, жұмысының тоқтап қалуы (іркілісі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тәуекелдердің туындауына әкелуі мүмкін төлем жүйесі; 13) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі – операциялық күн) – төлем хабарларын қабылдау, өңдеу әрі беру және олар бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі; 14) жүйенiң пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға немесе операторы Орталық болып табылатын басқа төлем жүйесі; 15) кезек – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде төлем хабарлары операциялық күн ішінде пайдаланушының позициясына қажетті ақша сомасы түскеннен кейін есеп айырысу сәтін күтуде кезекке тұратын тәуекелдерді басқару тетігі; 16) кері қайтарылмайтын төлем – кері қайтарылуға тиіс емес төлем; 17) кредиттік аударым – пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші болып табылатын ақша аударымы; 18) кредиттік тәуекел – қарсы агенттің өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекел; 19) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің немесе ішкі процестердің кемшіліктерімен, адамдардың қателіктерімен, жүйені басқарудағы, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болатын іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты тәуекел; 20) Орталықтағы жүйенің позициясы – Орталықта өңделетін және пайдаланушылар Ұлттық Банкте жүйенің шотына аударылған ақшаның және жүйедегі пайдаланушылар аударымдарының жалпы сомасын бақылауға арналған позиция; 21) өтімділік тәуекелі – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің ақша аудару жөніндегі өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуымен байланысты тәуекелі; 22) пайдаланушының жүйедегі позициясы (бұдан әрі – пайдаланушының позициясы) – жүйе пайдаланушысының жүйе арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ашылған теңгедегі корреспонденттік шот­тан (бұдан әрі – пайдаланушының корреспонденттік шоты) өзі аударған ақша сомасын есепке алуға арналған позиция; 23) пайдаланушы-ақша жөнелтуші – позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) пайдаланушы; 24) пайдаланушы-бастама жасаушы – төлем хабарын жүйеге жіберген пайдаланушы. Пайдаланушы-бастама жасаушы пайдаланушы-ақша жөнелтуші немесе пайдаланушы-бенефициар болып табылады; 25) пайдаланушы-бенефициар – позициясына ақша аударылатын пайдаланушы; 26) пайдаланушы-делдал – пайдаланушылар мен бейрезидент қаржы ұйымдарының арасында трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша аударуды жүзеге асыратын пайдаланушы; 27) төлем нұсқауы – пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына не Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан оның корреспонденттік шотына ақша аударуға нұсқауы; 28) төлем хабарының акцепті – Орталықтың төлем хабарының талаптары негізінде ақша аударымын жүзеге асыруға келісімі; 29) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктілігі) – төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының міндеттемесі орындалды деп саналатын сәт; 30) трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы – ақша жөнелтуші бастама жасаған немесе оның атынан бастама жасалған, ақша жөнелтушінің және бенефициардың төлем қызметтерін жеткізушілер әртүрлі мемлекеттерде орналасқан төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау; 31) Ұлттық Банктегі жүйенің шоты – Ұлттық Банкте ашылған және пайдаланушылар жүйеде ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақшасын есепке алуға және ақшаны жүйеге (жүйеден) аудару бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға арналған шот; 32) электрондық ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарларына жатпайтын және ақпараттық сипаттағы, оның ішінде үзінді-көшірмелер бар электрондық хабар; 33) электрондық төлем хабары (бұдан әрі – төлем хабары) – жүйедегі пайдаланушылардың позициялары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық хабар; 34) электрондық хабар – Орталық әзірлеген форматтағы электрондық түрдегі ақпарат жиынтығы. Қағидаларда пайдаланылатын тәуекелдер ұғымы Қағидалар шеңберіндегі жүйеге қатысты қолданылады және Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер мен нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитеті (Базель, Швейцария, 2003 жылғы наурыз) әзірлеген төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын Терминдер глоссарийіне сәйкес жазылған. 5. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуін және басқаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 6. Операциялық және технологиялық функцияларды, сондай-ақ пайдаланушылармен жүйеде қызмет көрсету және жүйенің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттар жасасуды Орталық жүзеге асырады. Операциялық функциялар пайдаланушының әрбір нұсқауын жеке орындай отырып, жүйеде ақша аударуды жүргі­зуді, пайдаланушылардың (пайдаланушыларға) төлемдік және ақпараттық хабарларын өңдеуді және беруді қамтиды. Технологиялық функциялар жүйенің инфрақұрылымының жұмыс істеуін, жүйенің ақпараттық қауіпсіздігі және қызметінің үздіксіздігі шараларының сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды. 7. Жүйеде ақша аудару пайдаланушылардың төлем хабарларын өткізу, Орталықтың пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан есептен шығару және ақшаны пайдаланушы-бенефициардың позициясына есепке алу арқылы оларды өңдеу жолымен жүзеге асырылады. 2. Жүйеге қатысу талаптары 8. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасын­да коррес­понденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысында (бұдан әрі – № 14 қаулы) белгіленген тәртіппен ашылған пайдаланушының корреспонденттік шотының болуы пайдаланушының мәртебе алуы үшін міндетті талап болып табылады. 9. Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарды орындау кезінде заңды тұлға Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасайды. 10. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасу үшін заңды тұлға Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады: 1) жүйеге қосуға арналған еркін нысандағы өтініш; 2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органның лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, банк операцияларын жасауға берілген лицензияның көшірмесі; 3) пайдаланушының Ұлттық Банкпен теңгедегі корреспонденттік шотты ашуға жасалған корреспонденттік шот шартының (бұдан әрі – корреспонденттік шот шарты) көшірмесі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі, Қазақстан Республи­касының бейрезидент банкі (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы) Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты жасасуы кезінде қолданылмайды. 11. Заңды тұлғалар Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасағаннан кейін пайдаланушы мәртебесін иеленеді. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты бұзу заңды тұлғаның пайдаланушы мәртебесін жоғалтуына әкеп соғады. 12. Ұлттық Банк Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы жасасқан шарт негізінде пайдаланушы мәртебесін алады. 3. Жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізі 13. Төлемдер туралы заң, Қағидалар, пайдаланушылар мен Орталық арасында жасалған жүйеде қызметтер көрсету туралы шарттар жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізін құрайды. 14. Жүйедегі қызмет көрсету туралы шарт мыналарды қамтиды: 1) шарттың мәні; 2) пайдаланушының және Орталықтың құқықтары мен міндеттері; 3) Орталықтың қызметтеріне ақы төлеу тәртібі; 4) пайдаланушы мен Орталықтың шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі; 5) ақпараттық қауіпсіздік және конфиденциалдылық режімінің сақталуы, банк құпиясының сақталуы және дербес деректерді қорғау; 6) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктілігі) тәртібі мен талаптары; 7) шарт талаптарын өзгерту және бұзу тәртібі; 8) дауларды шешу тәртібі; 9) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар. 15. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданылуы № 14 қаулыда және (немесе) корреспонденттік шот шартында көзделген негіздемелер бойынша Ұлттық Банктің пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы хаты негізінде уақытша тоқтатыла тұрады. Ұлттық Банктің пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хаты заңды тұлғаны пайдаланушы мәртебесінен айырмайды. 4. Орталықтың жүйеде көрсететін қызметтері және операциялар түрлері 16. Орталық жүйеде қызметті пайдаланушыға: 1) төлем хабарларын қабылдау мен өңдеу және олардың негізінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициар позициясына ақша аударуды жүзеге асыру бойынша; 2) жасалған операциялар бойынша пайдаланушыларға ақпараттық хабарларды қабылдау, өңдеу және ұсыну бойынша; 3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде операциялық және технологиялық функцияларды орындау бойынша қызметтер көрсетеді. 17. Жүйе арқылы кредиттік және дебеттік аударымдар жүзеге асырылады. 18. Орталық жүйе пайдаланушылары арасында ақша аударымын жүзеге асырады және жүйеде пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, олардың кезегінде тұрған төлем хабарлары сомаларының өзара есебін орындайды. 5. Жүйедегі электрондық хабарлар 19. Жүйеде төлемдік және ақпараттық хабарларды беру және қабылдау электрондық тәсілмен жүзеге асырылады. 20. Пайдаланушылар Орталық әзірлеген және жүйеде қолданылатын алмасу рәсімдеріне және форматтарына (бұдан әрі – Рәсімдер) сәйкес электрондық хабарлармен алмасады. 21. Рәсімдерді Орталық жүйеде қызметтер көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде пайдаланушыларға жібереді. 22. Орталық бір ақша жөнелтуші және бір бенефициар көрсетілген жиынтық төлем хабарларын орындау үшін қабылдайды. 23. Жүйеде электрондық хабарларды беру фактісін айқындау және оларды беру кезінде қателерді анықтау үшін Орталық белгілеген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталады. 24. Орталық электрондық хабарларды аутентификациялау тәртібін әзірлейді. 25. Орталық және пайдаланушылар ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және жіберілетін және алынатын электрондық хабарларының мониторингін жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеген барлық электрондық хабарлардың Орталықтың және пайдаланушылардың ішкі бағдарламалық жүйелерінде аудиторлық ізі қалады. 26. Орталық төлем хабарларын өңдеген кезде оларды өзгертуге жол бермейді. 6. Операциялық күнді ашу 27. Жүйедегі ақша аударымы Ұлттық Банк Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау мен өңдеу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – кесте) айқындаған операциялық күн ішінде жүргізіледі. 28. Операциялық күн ішінде кестеде белгіленген уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сомасы шегінде Орталықтың пайдаланушының позициясына бұдан әрі аударуы үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуды жүргізеді. 29. Корреспонденттік шот шарты бойынша пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға төлем нұсқауы Орталықтың пайдаланушының позициясына одан әрі аударуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға арналған, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты қолданылатын нұсқау (бұдан әрі – тұрақты қолданылатын нұсқау) ретінде ұсынылады. 30. Тұрақты қолданылатын нұсқауда пайдаланушының корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы сомасының пайыздық арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аудару үшін қажетті белгіленген сома көрсетіледі. 31. Тұрақты қолданылатын нұсқау Ұлттық Банктің пайдаланушыдан оны кері қайтарып алу туралы еркін нысанда ұсынылған жазбаша нұсқауын алғанға дейін қолданыста болады. 32. Тұрақты қолданылатын нұсқау пайдаланушы жаңа тұрақты қолданылатын нұсқауды Ұлттық Банкке берген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшін жояды. 33. Ұлттық Банк пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан жүйенің шотына ақша аударуды аяқтаған соң Орталыққа: 1) пайдаланушылардың өз корреспонденттік шоттарынан пайдаланушылардың позициясына бұдан әрі аудару үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына аударылған ақша сомалары туралы; 2) пайдаланушының кезегіне қоюға жататын төлем хабарларының барынша рұқсат етілген сомасы туралы ақпарат бар ақпараттық хабарды береді. 34. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабар негізінде тиісті пайдаланушылардың позициялары бойынша жүйенің Орталықтағы позициясынан жазбалар жүргізеді. 35. Операциялық күннің басында пайдаланушының жүйедегі позициясындағы ақша сомасы тұрақты қолданылатын нұсқауда көрсетілген және жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланушының өз корреспонденттік шотынан аударған сомасына тең болады. 36. Операциялық күн ішінде жүйенің Орталықтағы позициясындағы ақша сомасы жүйенің Ұлттық Банктегі шотындағы ақша сомасына тең болады. 7. Жүйенің операциялық күн ішінде жұмыс істеуі 37. Жүйеде ақша аудару пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан позицияға аударған және пайдаланушы жіберген және жүйеде басқа пайдаланушылардан алынған төлемдер сальдосы есебінен қалыптастырылған пайдаланушы позициясындағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады. 38. Орталық жүйеде ақша аударуды пайдаланушы-бастама жасаушыдан келіп түскен төлем хабарын акцептеген соң жүзеге асырады. 39. Орталықтың төлем құжатының акцептін жасау талаптары мыналар болып табылады: 1) аутентификациядан өту; 2) пайдаланушы-бастама жасаушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы; 3) бейрезидент қаржы ұйымына трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде бенефициар банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы; 4) бейрезидент қаржы ұйымынан трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын алу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде алушы банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы; 5) төлем хабарында көрсетілген соманы пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясына есептен шығару мүмкіндігі; 6) дебет аударымын жүргізу кезінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің алдын ала келісімінің болуы. Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған кезде, бірақ 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары сақталған кезде төлем хабары Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің кезегіне жіберіледі. Орталық төлем хабарын кезекке қою кезінде пайдаланушы-бастама жасаушыға төлем хабарын жүргізбегені және оны кезекке қою туралы ақпараттық хабарды жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптары орындалмаған кезде Орталық төлем хабарын акцептеуден және кезекке тіркеуден бас тартады. Орталық төлем хабарына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, пайдаланушы-бастама жасаушыға себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді. 40. Пайдаланушы-бастама жасаушы болып табылатын Орталық депозитарийдің төлем хабары, пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында төлем хабарын орындау үшін жеткілікті ақша сомасының болмау салдарынан Қағида­лардың 39-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда, кезекке тіркел­мейді және оны Орталық орындамайды. Орталық осы төлем хабарын және акцептеуді орындаудан бас тартқан кезде Орта­лық депозитарийге себептерін көрсете отырып, төлем хабарын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарды жібереді. 41. Орталық пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясын түскен төлем хабары негізінде дебеттегенде Орталық төлем хабарын акцептеген деп саналады. 42. Пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына аудару кезінде Орталық пайдаланушы-бенефициардың позициясы бойынша ақша сомасын көрсетуді және оның позициясын кредиттеу туралы растамамен қоса оған электрондық хабарды жіберуді қамтамасыз етеді. 43. Төлем хабары оны Орталық акцептегеннен кейін кері қайтарылмайтын төлем деп саналады. 44. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктен хабарлама алған кезде Орталық пайдаланушының пайдасына ақша сомасын қабылдау (есептеу) операцияларын қоспағанда, пайдаланушының позициясы бойынша операцияларды тоқтатады. 45. Орталық операциялық күннің ішінде Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасының жүйе пайдаланушыларының позициялары бойынша қалдықтар сомасына тең болуын жүйелі салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Сомалар тең болмаған кезде Орталық Ұлттық Банкке хабарлайды, ақша аударымдарын тоқтатады және сәйкес болмау себептерін анықтайды. Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша сомалардың сәйкес болмаулары жойылғаннан кейін жүйедегі операцияларды жаңартады, бұдан кейін операцияларды жаңарту туралы Ұлттық Банкке хабарлайды. 46. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша: 1) төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық операциялар; 2) банкаралық клиринг жүйесіндегі ақша аударымдары жүргізіледі. 47. Қаржы құралдарымен операциялар бойынша ақша аударымдары немесе репо операциялары бойынша өтемақы төлемін жүзеге асыру кезінде Орталық депозитарий депозитарлық қызмет көрсету шарты негізінде олар қабылдаған пайдаланушылардың бұйрықтарына сәйкес пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан жүйедегі Орталық депозитарийдің позициясына дебеттік ақша аударымдарын орындайды. Депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес пайдаланушы Орталық депозитарийге жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауды тапсырады. Осы тармақта көзделген мақсаттар үшін пайдаланушы Орталыққа орталық депозитарийдің депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарын жасауға пайдаланушының ұсынылған алдын ала келісімі туралы растама хатты ұсынады. Пайдаланушы растама хаттың көшірмесін Орталық депозитарийге ұсынады. 48. Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушының Орталық депозитарийде ашылған шоттары бойынша бағалы қағаздарды аударуды жүзеге асыру көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий бағалы қағаздарды Орталық депозитарийде ашылған бағалы қағаздарды сатып алушының шотына аударуды және Орталық депозитарийдің позициясынан бағалы қағаздарды сатушы болып табылатын пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады. Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды аудару жүзеге асырылмайтыны көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады. 8. Төлем құжаттарының кезегі 49. Кезекте тұрған төлем хабарлары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шеңберінде кезектегі төлем хабарлары олардың жүйеге түсу тәртібі бойынша орындалады. 50. Басымдық кодтарын Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша пайдаланушылардың әлеуметтік бағыттағы төлемдерді жүргізуін, пайдаланушылардың бағалы қағаздар нарығындағы және Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы есеп айырысуларға қатысуын, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған банктер арасындағы және банкаралық клиринг жүйесіндегі операциялардың клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарының аяқталуын қамтамасыз етуді ескере отырып әзірлейді. 51. Пайдаланушылар төлем хабарларының орындалу кезектілігін Орталық әзірлеген басымдық кодтарына сәйкес дербес белгілейді. 52. Кезекте тұрған төлем хабарының басымдығын өзгертуді пайдаланушы-бастама жасаушы төлем құжатын қайтармай басымдықты өзгерту туралы ақпараттық хабарды жүйеге жіберу арқылы жүзеге асырады. 53. Орталық пайдаланушының позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін кезекте тұрған төлем хабарларын акцептеу және орындау үшін пайдаланушының позициясына түскен ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді. 54. Пайдаланушы-бастама жасаушының кезекте тұрған төлем хабарларын қайтаруды пайдаланушы-бастама жасаушы Орталыққа төлем хабарын жоюға ақпараттық хабар жіберу арқылы жүзеге асырады. Орталық төлем хабарын жоюға алынған ақпараттық хабарды өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда Рәсімдерге сәйкес төлемнің жүргізілмегені туралы ақпараттық хабарды пайдаланушы-бастама жасаушыға жібереді. 55. Орталық операциялық күнді жабу кезінде жүйеде кезекте тұрған пайдаланушының шығыс төлем хабарлары бойынша пайдаланушының жүйеде қарсы төлем хабарлары болған кезде өзара есеп айырысуды (клирингті) жүзеге асырады. 9. Жүйеде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы 56. Осы төлем және (немесе) ақша аударымы пайдасына жүзеге асырылған пайдаланушы-бенефициардың позициясына ақша есепке алынғаннан кейін төлем және (немесе) ақша аударымы жүйеде аяқталды деп есептеледі. 57. Пайдаланушы-бенефициар растамамен төлем хабарын және оның позициясын кредиттеу туралы ақпараттық хабарды алған кезде ақша сомасын операциялық күн ішінде, бірақ өзінің келесі операциялық күнінен кешіктірмей мақсаты бойынша тиісті шотқа қабылдайды (есепке алады). 58. Түскен төлем хабарын (төлем және/немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау) акцептеуден және одан әрі орындаудан Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша бас тартқан кезде пайдаланушы-бенефициар түскен ақша сомасын келесі операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушы-жөнелтушіге қайтарады. Пайдаланушы-бенефициардың ақшаны пайдаланушы-жөнелтушінің пайдасына қайтару себебін көрсете отырып, төлем хабарын жасауы арқылы ақша сомасы қайтарылады. 59. Пайдаланушы соттың ақша аударымының бастамашысына қатысты шығарған жеделдетілген оңалту рәсімін, оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін алғанға дейін жүйеге бағыттаған төлемдер және ақша аударымдары кері қайтарылмайтын және соңғы болып табылады, орындауға және аяқталуға жатады. 10. Ақшаны жүйеге қабылдау және оны операциялық күн ішінде жүйеден алып алу тәртібі 60. Ұлттық Банк операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының ұсынған төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының позициясына одан әрі есепке алуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан ол бойынша қолда бар ақша қалдығы шегінде ақша аударымын Ұлттық Банктегі жүйе шотына жүзеге асырады. 61. Пайдаланушыда операциялық күннің соңында (операциялық күн жабылғанға дейінгі 30 (отыз) минут ішінде) төлем құжаттарының кезегі пайда болған және пайдаланушының корреспонденттік шотында жеткілікті ақша сомасы болған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шоттың шарты негізінде пайдаланушының Ұлттық Банкіндегі коррес­понденттік шотынан Орталықтағы пайдаланушының позициясына ақшаны акцептсіз алып алуды жүзеге асырады. 62. Ұлттық Банк пайдаланушының ақшасын корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударғаннан кейін Орталыққа пайдаланушының аударылған ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпараты бар ақпараттық хабарды береді. 63. Орталық Ұлттық Банктен ақпараттық хабарды алғаннан кейін Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды. 64. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған қолма-қол ақшаны беру, инкассолық өкімдерді орындау, сондай-ақ корреспонденттік шот шартының талаптарына сәйкес басқа да мақсаттар үшін қажетті ақша сомасы болмағаны немесе жетіспейтіндігі анықталған кезде, Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде немесе өздігінше Орталыққа жөнелтушінің нұсқауын орындау үшін қажетті сомада жүйеден пайдаланушының ақшасын алып алу жөніндегі ақпараттық хабарды жібереді. 65. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабардың негізінде ақшаның қажетті сомасына пайдаланушының және жүйенің Орталықтағы позициялары бойынша жазба жасайды, бұдан кейін Ұлттық Банкке аударылған ақш