• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №90

281 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 қаңтар, Астана қаласы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі  Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________ Е. Досаев 2015 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №90 бұйрығымен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу, Заңның 5-бабының 12-тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлік беруінің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу туралы куәлік – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге құқықтылығын куәландыратын ресми құжат; 2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға; 3) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау; 4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсімі; 5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 6) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүргізу құқығына аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға. 3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу энергия аудитін жүргізу немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсету құқықтылығын алу үшін заңды тұлғаға қатысты жүзеге асырылады. 4. Заңды тұлғаны энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді. 2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі 5. Энергия аудитін жүргізуге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу үшін заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш; 2) тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда: өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерілуіне сәйкес; үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесіне, олардың аттестациясы және мемлекеттік тексерілусіне сәйкес. Ескертпе: Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-сальдо ведомосімен куәландырылған болуы тиіс; 3) штатта жоғары инженерлік-техникалық білімі бар (олардың жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмесін қоса бере отырып) және жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болатын білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда: өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында төрт адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың IV және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы; үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия-аудиторлық ұйымдар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында екі адамнан кем емес, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың III және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетиктің болуы; 4) екі адамнан кем емес персонал қызметкерлерінің  оқу орталықтарында энергия аудиті бағыты бойынша курстан өту туралы сертификаттары. 6. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауға және (немесе) олардың біліктілігін арттыруға аккредиттеуді алу үшін заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш; 2) заңды тұлғамен үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес бекітілген оқу жоспары және оқу бағдарламасы; 3) жоғары білімі бар екі оқытушыдан кем емес, оның ішінде техника ғылымының кандидаты (магистр) ғылыми атағынан төмен емес бір оқытушыдан кем емес болуын растайтын құжаттар; 4) Оқу кабинетінің, компьютерлер мен ақпараттық-өлшеу кешендерінің бар болуын растайтын құжаттар және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін оқу орталықтары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері құрамының тізбесі. Ескертпе: Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген айналым-сальдо ведомосімен куәландырылған болуы тиіс; 7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы әр парағына қойылады (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы бұйрықтың қөшірмесін қоса бере отырып) және ұйымның мөрімен әр парағы куәландырылады. 8. Заңды тұлғалардың аккредиттеу туралы құжаттарын қарау және уәкілетті органның олар бойынша шешім қабылдауы үшін тұрақты жұмыс істейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. 9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды Комиссия олар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап саналатын отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 10. Оң шешім қабылданған жағдайда, Комиссия мұндай шешім қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлік беріледі. 11. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі бар және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады. 12. Заңды тұлғаны аккредиттеуден бас тартуға: 1) ұсынылған құжаттарда бұрыс ақпараттың болуы; 2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi; 3) қызметтің мәлімделген түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы негіз болып табылады. 13. Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлғаға мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша жауап жіберіледі. 14. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін. 15. Егер уәкілетті орган осы Қағадалардың 9-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті бермесе не оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартпаған жағдайда, онда оны беру мерзімдері өткен күннен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілді деп есептеледі және бір мезгілде аккредиттеу туралы куәлікті алған заңды тұлғалардың тізіліміне тіркеледі. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаға тиісті аккредиттеу туралы куәлікті береді. 16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтатудың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты емес негіздері мыналар болып табылады: 1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші; 2) аккредиттелген субъектінің таратылуы немесе банкротқа ұшырауы. 17. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда, уәкілетті орган заңды тұлғаның жазбаша өтініші бойынша бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді. Жоғалған аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады. 18. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру және аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 19. Берілген аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттеу туралы куәліктен айыру, оның қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімінде тіркеледі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған оқу орталықтарының тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша _____________________________________ (бірінші басшының лауазымы) _____________________________________ (аккредиттеу жөніндегі органның атауы) ____________________________________ (Т.А.Ә.А.) Нысан Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге өтініш ___________________________________________________________ (қызмет түрін көрсетіңіз: 1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудиті; 2) үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудиті; 3) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру) жүргізу құқығын иелену үшін __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы) __________________________________________________________________ (БСН және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі) аккредиттеуді сұраймын. Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________ 3._____________________________________________________________ 4._____________________________________________________________ 5._____________________________________________________________ 6._____________________________________________________________ 7._____________________________________________________________ _____________________________________     ________    ______________ заңды тұлға басшысының лауазымы               қолы                Т.А.Ә.А. М.О. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесі 1. Жылу көргіш. 2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш. 3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр. 4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші. 5. Тоқ қармауыштар. 6. Анемометр. 7. Гигрометр. 8. Люксметр. 9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш. 10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса). 11. Электр энергиясының сапасын талдауыш. 12. Контактілі термометр. 13. Манометр. 14. Газ талдауышы. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін энергия-аудиторлық ұйымдар үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесі 1. Жылу көргіш. 2. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр. 3. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші. 4. Тоқ қармауыштар. 5. Анемометр. 6. Гигрометр. 7. Люксметр. 8. Лазерлі ұзындық өлшеуіш. 9. Контактісіз термометр. 10. Манометр Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттелетін оқу орталықтары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері құрамының тізбесі 1. Жылу көргіш. 2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш. 3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр. 4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші. 5. Тоқ қармауыштар. 6. Анемометр. 7. Гигрометр. 8. Люксметр. 9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш. 10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса). 11. Электр энергиясының сапасын талдауыш. 12 Контактілі термометр. 13. Манометр. 14. Газ талдауышы. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша Нысан Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімі Р/с №    Аккре-диттеу күні    Аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі    Заңды тұлғаның атауы    БСН    Заңды мекенжайы, байланыс деректері    Қыз-мет түрі    Мәлімделген сарапшы-лардың Т.А.Ә.А.    Ақпараттық-өлшеу кешендері мен техни-калық құралдардың зауыттық нөмірі    Ескертпе 1    2    3    4    5    6    7    8    9    10 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларына 6-қосымша Нысан Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік алған оқу орталықтарының тізілімі Р/с №    Аккредиттеу күні    Аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі    Заңды тұлғаның атауы    БСН    Заңды мекенжайы, байланыс деректері    Мәлімделген оқытушылар Т.А.Ә.А.    Ескертпе 1    2    3    4    5    6    7    8 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10421 болып енгізілді.