АСТАНА. 28 сәуір. Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында үйлену тойы кезінде газ баллоны жарылып, 7 адам мерт болды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ресми мәліметтер бойынша оқиға ас әзірлеу кезінде болған. Апатты жағдайдан екі бала және бес әйел адам қаза тапты. Сонымен қатар, зардап шеккен 15 адам ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлер еке науқастың халі тым ауыр екенін мәлімдеді.
Жарылыс салдарынан тағы бірнеше үй отқа оранды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.