• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Қарағандылық балуан жарыста автокөлік ұтып алды

431 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 сәуір. Қарағандылық балуан Бекзат Ахметбеков Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ күресінен өткен жарыста автокөлік ұтып алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жетісай ауылында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақыт Жамбырбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен республикалық турнирде қарағандылық балуан Бекзат Ахметбеков аса ауыр салмақта бас жүлдеге тігілген Mersedes автокөлігін жеңіп алды. Сондай-ақ, қарағандылық балуандар Нариман Тұтқышев (55 кило),  Айдос Ғалымов (74 кило) және Ерсін Мұхамеджанов та (100 кило) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды. Айта кетейік, аталған додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 240 балуан қатысып, күш сынасқан болатын. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.