• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Ресейде алғаш рет зымыран ұшырылды

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 сәуір. Ресейдің жаңа Восточный ғарыш айлағынан алғаш рет бортына үш спутник тиелген «Союз-2.1 а» зымырантасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Зымыран орбитаға «Ломоносов», «Аист-2Д» және SamSat-218 спутниктерін алып шықты. «Союз-2.1» ғарыш айлағынан екінші мүмкіндіктен кейін барып ұшты. Алғашқысы 27 сәуір күні болды. Алайда, бұл істің жүзеге асуына бір жарым минуттай уақыт қалғанда тоқтатылған болатын. Бұл Восточный ғарыш айлағындағы алғашқы ұшырылым. Мәліметтер бойынша келесі ұшырылым 2017 жылы болуы мүмкін. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.