• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Әлем-жәлем әлем

278 рет
көрсетілді

Той көйлегінің әдібі – мың жұмыртқа Қытай дизайнері Кун Нин Жер күні құрметіне мың жұмыртқадан қалыңдықтың той көйлегін тігіп шыққан. Модельер бұл киім үлгісін Бейжіңдегі орындаушылық өнер ұлттық орталығында көрсеткен. Кун Нин мұны жасауға екі күнін арнапты. Бірақ көйлекті тігу барысында жұмыртқалардың жарылып кеткені-кетпегені туралы мәлімет жоқ. Терлегіштігі өзіне сор болып тұр АҚШ-тың Флорида штатында тұратын 28 жастағы Джули Рейдке сирек кездесетін диагноз – өз бойынан аққан терден аллергия алып, «тұншығып» қалатын  науқасқа ұшыраған.  Осыған байланысты әйел енді өз үйінен қарға адым сыртқа шыға алмай қалған. Дәрігерлер мұның аутоиммундық ауру екенін, былайынша аты «холинергиялық есекжем» деп аталатынын айтады. Әйелдің терісі сәл нәрсеге бола терлей салатын өте сезімтал болып шықты. «Менің өмірім – азап өмір» дейді ол сондықтан. Ауруы себепті жұмысты да қоюға тура келген. Марқұм маман – матч төрешісі Футболдан Нигерия чемпионаты­ның премьер-лигасында кезекті матчқа қайтыс болып кеткен маман төреші етіп тағайындалған. Елдің федерациясы қазір дағдарыстың шарықтау шегіне жетіпті. Жергілікті соттың шешімімен басшы болып орынтаққа отырған Крис Джива осы тұста жеке беделін көтеру мақсатында ұлттық чемпионаттың кезекті туры төрешілер бригадасын өзі тағайындапты. Ол ет қызуымен 22 қаңтарда тест тапсыру кезінде кенет өліп кеткен арбитр Уэйл Акинсаньяны «Варри Вулвз» және «Гива» командалары арасындағы ойынға қазылық етуге белгілеп жіберіпті. Мысық босану үшін дәрігерге келген Түріктің Битлис деген қаласында жүкті мысық босану үшін отбасы денсаулық сақтау орталығына өзі келген. Жануар жай келіп қоя салмаған, медициналық мекеме есігін тырналай берген. Мысықты қолдарына алып тексерген дәрігерлер оның өз бетінше туа алмайтынын анықтаған. Сосын орталық қызметкерлері жақын маңдағы ветеринарлық клиникаға хабарласып, хайуанды сонда жеткізіп берген. Ал ветеринарлар көп ұзамай кесіп алу жолымен мысықты босандырып алған. Нәтижесінде дүниеге дендері сау төрт мысық баласы келген. Монахтар төбелесіне себепші – садақа Қытайда дін қызметкерлері қайыр-садақаны өзара бөлісу кезінде келушілердің тұрғандарына қарамастан, бір-бірлерімен төбелескен. Желіге тарап кеткен видеода монахтардың бір-бірлеріне қалай тарпа бас салып, жұдырық ала жүгіргендері көрсетілген. Әдепкіде олар өздерін өздері ажыратпақшы болады. Бірақ шамалары келмей бара жатқасын, келушілерді де көмекке шақырған. Ал төбелеске әлдекімдердің садақа ретінде беріп кеткен ақшасы себепкер болған. Сиам егіздерінің беті бір болып шықты Үндістанның шығысындағы ауруханалардың бірінде денелері бөлек болғанымен, беттері ортақ сиам егіздері туылды. Бірақ олар жарық дүниеге келгеннен кейін бар-жоғы 6 минут қана өмір сүрген. Дәрігерлер нәрестелерді кесіп алардың алдында олардың сиам егіздері екенін білген. Ал сыртқы келбеттерін тек жарып алғаннан кейін ғана көрген. Аптаның екі күні ғана жұмыс Венесуэла мемлекеттік қызметкерлері ұйымдар мен кәсіпорындарда электр қуатын үнемдеу мақсатында енді аптасына екі күн ғана жұмыс істейтін болып отыр. Елдің вице-президенті Аристобуло Истурис осыны хабарлай отырып, жұмыс күндерінің дүйсенбі мен сейсенбі күндеріне белгіленгенін де айтты. Бұдан бұрын билік жұманы жұмыс жасамайтын күн ретінде жариялаған болатын. Көп алдында өтінсе де кешірмеді Абу-Даби телеарнасында жүргізуші Джордж Карадахи әйелі опасыздық жасады деген күдікпен ажырасып кеткен мысырлық ерлі-зайыптыларды татуластыра алмады. Тікелей эфирде жүрген хабарға қатысқан әйел бетіне никаб киіп келіп, өзінің жас жігітпен телефон арқылы істеген әрекеті үшін күйеуінен кешірім сұраған. Бірақ оның Мухаммад есімді күйеуі әйеліне өзін миллиондаған жұрттың көз алдында масқаралағаны үшін енді мүлдем кешірмейтінін айтып, үзілді-кесілді қарсылық білдірген. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.