• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Барлық іс-шара ел бірлігін насихаттайды

358 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы аясында үкіметтік емес ұйымдар 13 әлеу­меттік жобаны жүзеге асыруды жос­парлауда. Бұл туралы өңірлік ком­муникация­лар қызметінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов айтты. – Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің тұжырымдамасы қабыл­данды. Өңірде мерекені өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары әзірленіп, облыстық деңгейде 380 іс-шара өткізу көзделуде. Тұжырымдамаға сәйкес әр айдың өз ерекшілігі бар. Мысалы, қаңтар айындағы іс-шараларға «Кәсіби және тиімді мемлекет» тақырыбына басымдылықтар берілген, ал, ақпан айы – «Саламатты ұлт. Спорттық Қазақстан», наурыз айы – «Болашағы біртұтас Ел. Ұлы Даланың дәстүрлері», сәуір айы – «Зияткерлік ұлт. Нұрлы болашақ» сияқты тағы да басқа тақырыптар жүргізілді, – дейді Ерқанат Нұрбапаұлы. Сонымен қатар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстел, зиялы қауым өкіл­дерінің жастармен кездесулері, жастар акциялары, қайырымды­лық акциялары арқылы еліміздің қол жеткізген жетістіктері паш еті­леді. Жыл басынан бері Тәуел­­сіздіктің 25 жылдығына ар­нал­ған облыс әкімдігі басқарма бас­шыларының жастармен кез­десулері сияқты барлығы 96 іс-шара ұйымдастырылып, 14 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар, облыста мемлекеттік әлеу­меттік шеңберінде Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша үкіметтік емес ұйымдардың 13 әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. – Біртектілік пен бірлікті қам­тамасыз ету бағыты бо­йын­­ша жұмыс «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлттық идеясы аясында іске асырылуда. Ұлт Жоспары 100 нақты қадамның 4-ші реформасы «Біртектілік пен бірлік» Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму концепциясы, қазақстандық бірегейлік дамумен қатар, мәдени саясат концепциясы негізінде жүзеге асады. Әртүрлі әлеуметтік топтарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея­сы аясында насихаттау мен Ұлт Жоспары 100 нақты қадамды іске асыру маңыздылығын түсіндіру үшін 11 облыстық ақпараттық топ және аудандарда да осындай топтар жұмыс жасайды. Сонымен бірге, облыстық ҚХА жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық топ та араласуда. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша тұрғындармен 200-ден аса кездесу өткізіп, 5000-нан аса адам қатысты. Аталған топ «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында Мәдениет және спорт министрлігіне («Ел бірлігі» және «Мәдени әлемі жолындағы ғаламтор») атты 2 ауқымды ғылыми жоба ұсынды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда – деді бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов. «Қоғамдық келісім» КММ му­­зейінде Ассамблея тарихына арналған көрме ашылды. Сонымен қатар, облыстық Ассамблея жа­нын­дағы журналистер клубы мен «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының жастар ғылыми-шығармашылық орталығы белсенді жұмыстар жүргізуде. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға ілгерілету мақсатында әзірленген жұмысшы мен тех­ни­калық мамандықтар беделін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өңір­лік жоспары әзірленіп бекітілді. Олар бойынша үстіміздегі жылы облыстық деңгейде 48 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5300-ден астам адам қамтылды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы