• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Грузияда уран сатпақ болған күдіктілер ұсталды

313 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 сәуір. Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 1,5 келі уранды 3 миллион долларға сатпақ болған 5 азаматты қамауға алды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұсталған күдіктілер тауарды саудалау үшін қара теңіз жағасындағы Кобулети қаласына келген. Олардың барлығы Грузия азаматтары. «Күдіктілердің уранды қайдан алғаны әзірге белгісіз. Олар енді 10 жылға дейін сотталуы мүмкін», – дейді полицейлер. Айта кетейік, уран – 238 ядролық отын өндіруге арналған реакторларда қолданылады. Мұндай оқиға Грузияда бұдан бұрын да болған. Осы сәуір айында радиоактивті затты сатпақ болған тағы 6 адам ұсталды. Олардың арасында Армения азаматтары да бар. Олар тауарлары үшін 200 миллион доллар сұраған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.