• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

«Тұлпар-Тальго» пойыз Ресей арқылы Оралға жүрмейді

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 сәуір. Мамыр айының соңынан бастап Астана мен Орал қалалары арасында Ресей арқылы тексерусіз өтетін «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың вице-президенті Берік Қамалиевтің айтуынша, енді екі «Тұлпар-Тальго» пойызы Ресейдің Илецк, Орал стансалары арқылы тоқтаусыз және кедендік шектеулерсіз өтеді. Бұған Қазақстанның Ресей Үкіметіне жіберген ұсыныстарын ескеріп, көрші елдің Көлік министрлігі рұқсат берді. Дастан Кенжалин Дерек, фото: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар