• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Польша үкіметі Тайынша ауданына 57 мың еуро бөлді

238 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. Тайынша ауданында ондаған елді мекенді қарғын су басып, төтенше жағдай жарияланған болатын. Польша билігі жергілікті тұрғындарға көмек көрсету мақсатымен 57 мың еуро бөлді. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Солтүстік Қазақстанда үйлерді жөндеуге және мал сатып алу үшін Польша үкіметі 57 мың еуро бөлуге шешім қабылдады. Бұл қаражат азық-түліктер мен киім-кешек сатып алуға бағытталады әрі адамдардың үлкен тобына көмектесуге мүмкіндік береді», – деді Польшаның сыртқы істер министрі Ян Дзедзичак. Сенат спикері Станислав Карчевский мен сенатор Анна Мария Андерс бастаған поляк делегациясы, сондай-ақ, репатриациялау мәселелерімен айналысатын билік және түрлі ұйымдардың өкілдері Қазақстанға келеді деп күтілуде. Қазақстанда 34 мыңнан астам поляк ұлты адам тұрып жатса, басым бөлігі Тайынша ауданында шоғырланған. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі. Фото: radiopolsha.pl.