• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Павлодарда оқушылар арасында робот техникасы бойынша жарыс өтті

543 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 3 мамыр. Бұл жарыс робот техникасын насихаттау, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатына арналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Елімізде бір мыңға жуық өнертапқыш робот жасаумен айналысуда. Робот техникалары жарысын облыстық білім беру басқармасы, «ҚазРоботикс» федерациясы және оқушылар сарайы ұйымдастырды. Қатысуышлар робот техникаларымен жұмыс жасаудағы шеберліктерін көрсете білді. Олар «Кегельринг», «Робосумо», «Слалом» категориялары бойынша көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері жүлделі орындар иеленді. Шараға өңірдегі мектеп пен колледждерден 18 команда, 40-қа жуық өнертапқыш қатысты. «ҚазРоботикс» ұйымдастырған чемпионат аясындағы жарыста жас өрендер «Сызықтар бойынша жарыстар», «Кегельринг», «Робосумо» кезеңдерінде өз жұмыстарын ұсынды. «Слалом» бойынша тағы бір команда қатысты. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 10-16 және 17-25 жас аралығында сынға түсті. Лего, ардунио және қолдан жасалған түрлі құрылымдық робот техникалары біріктірілді. Жарыстың қорытындысы бойынша, көлік және коммуникация колледжінің студенттері Олег Чернышев, Никита Секретарев, Артем Кирилюс, Ермұрат Телегенов, Олеся Петренко, Антон Поморзин, Олеся Петренко, оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Александр Пуха, Шахназар Қанапия, қазақ-түрік лицейінің оқушылары Мәдина Таупықова, Дания Оралова бірінші орынды иеленді.  Жеңімпаздар қыркүйек айында өтетін республикалық «Робот техникасы» жарыстарына қатысады. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Фото: Жанар Тәжікқызы.