• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

«Жетінші арна» жаңаша жұмыс істемек

812 рет
көрсетілді

Жуырда отандық «Жетінші арна»  телеарнасының басшылығы баспасөз мәслихатын өткізіп, ойын-сауық бағ­дарламаларын дайындайтын әлемдік же­текші ұйым – Endemol компания­сының стратегиялық әріптесі «ВайТ Медиа» компаниясымен ұзақ мерзімді келісім жасағандары жөнінде ха­бар­лады. Осы келісім бойынша  «Жетінші арнаның» жалпы стратегиясы мен хабар тарату мәнерінде өзгеріс­тер болмақ. Сондай-ақ, «Жетінші арна» өзінің логотипін, фирмалық стилін өзгертіп, ауқымды республикалық жарнама нау­қанын өткізеді. Мақсаты мына­дай: «Жетінші арнамен бірге өзгеретін кез келді». Бұл дегеніңіз, әлемдік стан­дартқа сәйкес құрылым таңдаған телеарна өз  көрер­мендерінің де сол деңгейде болғанын қалайды деген сөз. «Жетінші арна» директорлар ке­ңесі­нің төрайымы Бибігүл Жексен­байдың айтуынша, «ВайТ Медиа», сол арқылы Endemol-мен әріптестік «Жетінші арнаның» даму тұжырым­дама­сына енгізілген сәтті бастама. «Енді эфирге 80 пайыз жаңа контент шығады. Бұл қазақ­стандық рынокқа жолдама алған су жаңа бағдарламалар болмақ, ал еліміз үшін арнайы дайындалатын тележоба­ларды да осы жылы көрсете бастаймыз. Телеконтент өндірісі елімізде енді ғана дами бастады. Ұлттық фильмдер мен бағдар­ла­малардың үлесі аса ірі телеарналар эфирінің 20 па­йызына да жете алмайды. Сондықтан біз телеөндіріс саласында сараптама жүр­гізу шеберлігін меңгерген және жобаларды эфирге шы­ғарудың әр­тараптандырылған портфелін иеленген сенімді әріптестермен ұзақ мерзімді келісім жасауға шешім қабыл­дадық» – дейді Бибігүл Жексенбай. «Жетінші арна» бізге серіктес болу арқылы 2011 жылға жоспарлап отырған жаңа жобаларымызға қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, «ВайТ Медиа» енді тұңғыш рет ұлттық теле­өнім жасауға араласады. Көрермен­нің өз отанының, өз ұлтының контентіне қызығушы­лығы әлемдік үрдіс болып табылады. Мәселен, Ресейде жергілікті телеөнім­дердің үлесі аса жоғары деңгейде, яғ­ни 80 пайызға жуық. Ал, Қазақ­станға ондай көр­сеткішке жету үшін біраз уақыт керек»-деді «ВайТ Медиа­ның» бас продюсері Тимур Вайнштейн. Ал, Endemol Group бас директоры Марина Ульямстің сөзіне сенсек, Орта­лық Азияның, оның ішінде Қазақ­стан­ның телевизиялық рыногы өте тар­тым­ды. Өсу қарқыны жағынан біз еуро­палық рыноктан 50 пайыз алда келеді екенбіз. «Алайда, әлемдік теле­визия­лық рынок­тың ойыншылары үшін Қазақ­стан әлі де толық игерілмеген аумақ болып қа­лып отыр. Сондықтан жас әрі қар­қынды дамып келе жатқан «Жетінші арнамен» әріптестік орнату, менің ойым­ша, барлық қазақстандық рынок үшін елеулі оқиға әрі сапалы телехабар таратудың жаңа деңгейіне көшу» – дейді ол. Айгүл СЕЙІЛОВА.