• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Солтүстік Қазақстанда «Батыр» маркалы трактор шығарылады

282 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 13 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға арналған кәсіпорын мен Петербор машина жасау зауытының бірлескен жобасы бойынша биыл «К-704» тракторы «Батыр» деген атпен құрастырылатын болады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өндіріс орнында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов болып, жұмыс жағдайымен танысты. Жергілікті кәсіпорында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар әкелінуде. Оның жобалық қуаты жылына 120 трактор шығаруға лайықталған. Кәсіпорынның бас директоры Сергей Шинкаренконың айтуынша, бірінші кезеңде көлікке арналған бөлшектердің 35 пайызы осы жерде құрастырылып, 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестициялық салым әзірге 300 миллион теңгені құрайды. Алдағы уақытта оның мөлшері 1,2 миллиард теңгеге жеткізіледі. Ерік Хамзаұлы ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алуды субсидиялау мәселелерін шешу қажеттігін атап көрсетті. «Қазір біз Қазақстанда шығарылған ауыл шаруашылығы машиналарын субсидиялау импортталатынға қарағанда жоғары болуы үшін ауыл шаруашылығы министрлігімен келіссөз жүргізудеміз», – деді облыс әкімі. Өмір Есқали. Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.