• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2016

Лаңкестердің шабуылынан 14 адам опат болды

231 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 мамыр. Ирактың Таджи қаласында газ өңдейтін зауытқа содырлар шабуыл жасады. Салдарынан 14 адам опат болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Лаңкестердің әрекетінен қаза тапқандардың арасындағы 8 адам тәртіп сақшылары екені белгілі болды. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл істі «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Мәліметтер бойынша, олар алдымен жарылғыш зат орнатылған көлікті кәсіпорынның қасында жарып жіберген. Осыдан кейін 6 экстремист ғимараттың ішіне еніп, өздерін жарып жіберуге әрекеттенген. Бірақ полиция қызметкерлері бұл ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей, дер кезінде қолға түсірді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».