27 Наурыз, 2019

Қызылорда облысында тікұшақ апатқа ұшырады

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында тікұшақ апатқа ұшырады

«2019 жылдың 27 наурызда Қарулы күштердің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген министрліктің хабарламасында.