Спорт • 14 Тамыз, 2019

Головкин Деревянченкомен кездесудің шарттарына келісті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер Twitter парақшасында Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF әлем чемпионы атағы үшін Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізудің шарттарын қабылдағанын хабарлады.

Головкин Деревянченкомен кездесудің шарттарына келісті

Оның айтуы бойынша жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланған.

«Дерек көздері: Головкин 5 қазанда MSG-де Деревянченкомен кездесудің барлық шартына келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон әлі келісімшартқа қол қойған жоқ, бірақ олар мұны жасағаннан кейін Головкин IBF атағын қайтаруға мүмкіндік алады», деп жазды Майк Коппинджер.