Президент • 15 Қаңтар, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесіп жатыр

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесіп жатыр

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кадр резервіне енген 300 жаспен кездесу өткізіп жатыр.

Прези­­­денттік жастар кадр резер­віне тір­келу биылғы қыркүйек айында басталған еді. Жобаның стратегия­лық мақсаты – тиімді менеджер­лердің жаңа толқынын қалып­тастыру және еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеумет­тік лифті­лер жүйесін құру. Ірік­теу нәтиже­лері бойынша пулға жаңа фор­ма­цияның басқарушы­лары болуға қабілетті талантты және креативті жас қазақстандықтар іріктелді.

Президент бастамасына алға­шында 13 мыңнан астам қазақ­стандық қатысуға ниет білдірген. Қатысушыларға отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан азаматы болуы тиіс деген талаптар қойылды.

Жеңімпаздар арасында жеке сектордың – 106 өкілі, квази­мемлекеттік сектордың – 98 қыз­мет­кері және 96 мемлекеттік қыз­меткер бар. Кандидаттардың 58 пайызы шетелдік оқу ордаларында білім алған. 42 пайызы – қазақстандық ЖОО түлектері. 6 адам – ғылым докторы, 204 адам магистр дәрежесіне ие. Жеңімпаздардың орташа жасы 31-ді құраған. 

Президенттік жастар кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімімен жобаның ресми сайтында танысуға болады