Қала көшелерінде 21 күн 19:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жүруге тыйым салынды. Елдегі жағдайды бақылау ішкі істер министрлігіне жүктелді. Бұл аралықта азаматтық қорғаныс, стратегиялық нысандардың қызмкеткерлері, әскерилер, журналистер, денсаулық сақтау саласы мамандары өз жұмыс орындарында болуы қажет.
Коронавируспен күрес барысында шетелдіктер үшін наурыз айының басында қажылықпен қатар барлық көңіл көтеру шаралары, саммиттер мен конференциялар, ал 15 наурыздан әуе тасымалы тоқтатылған болатын. Сондай-ақ 17 наурыздан мешіттердегі бес уақыт намаз да тоқтатылды.