Парламент • 17 Қыркүйек, 2020

Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

14 рет көрсетілді

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Жолдауда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған маңызды мәселе деп атап өткенін еске салды.

"Жолдауда ұлттық саябақтар мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық жағынан қорғау қажеттілігіне баса мән берілді. Осы ретте бүгін қабылданған заң қоршаған ортаны қорғау аясындағы бірқатар маңызды мәселені оң шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жеріне қатысты мәселелер бар. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының нақты тапсырма бергені белгілі. Бүгін көпшілікті алаңдатқан осы мәселе де заң аясында шешімін тауып отыр", деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарады. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы өткен сессиядағы Палата отырысында бірінші оқылымда қаралып, жан-жақты талқыланғанын жеткізді.

"Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі басымдықтардың бірі екені белгілі. Президентіміздің Жолдауында да нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан қазіргі таңда тиісті заң жобасына жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қосымша шаралар енгізіліп жатыр", деді Мәулен Әшімбаев.

Заң мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне кез келген сипаттағы және құнды сыйлықтарды беру мүмкіндігін болдырмауды көздейді.

Сенат депутаты Андрей Лукин, өз кезегінде, жұмыс тобы тиісті талдау жасап, мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде заң жобасына жаңа түзетулер енгізілгенін айтты. Екінші оқылымнан кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Сонымен қатар, Сенаттың жалпы отырысында депутаттар еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминнің атына сауалдар жолдады. Сенатор Дәурен Әділбековтің сауалы шағын және орта бизнесті қолдау шараларына арналды. Мұхтар Құл-Мұхаммед қашықтан білім беру мәселелерін көтерді. Ерік Сұлтанов сумен қамтамасыз ету жағдайына назар аударды. Нұртөре Жүсіп кітапханалар мен мәдени орталықтар жөнінде ұлттық бағдарлама қабылдау керек екенін айтты. Ақылбек Күрішбаевты азық-түлік бағасы толғандырады. Ал Ләззат Сүлеймен демография мәселелері бойынша Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына жүгінді.

Соңғы жаңалықтар

Ел тілегі ескерілді

Экология • Бүгін, 08:22

Ынтымақтастықты тереңдетеді

Саясат • Бүгін, 08:18

Жекпе-жектен бас тартты

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:07

«Бәйшешек жапырағы»

Оқиға • Бүгін, 08:06

Сенімге селкеу түспесін

Қоғам • Бүгін, 07:57

Шежірелі білім ордасы

Білім • Бүгін, 07:50

Құстар неден қырылды?

Оқиға • Бүгін, 07:30

Жемісті жиырма жыл

Руханият • Бүгін, 07:29

Үш тал өлең

Руханият • Бүгін, 07:24

Оралдың озық архиві

Руханият • Бүгін, 07:12

Бес жылдық бағдарлама таныстырылды

Бағдарламалар • Бүгін, 07:10

Мінезді орта қалыптастырады

Руханият • Бүгін, 06:56

Мал азығы жеткілікті

Аймақтар • Бүгін, 06:53

Жол бойындағы сервисті дамытады

Экономика • Бүгін, 06:34

ҚПЛ-дың қымбат футболшылары

Футбол • Бүгін, 06:30

Қайта оқуыма сұранып тұрады

Руханият • Бүгін, 06:26

Ұқсас жаңалықтар