Әлем
1 мин оқу 194

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">АҚШ президенті Дональд Трамп және оның әйелі Меланья коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Трамп өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"АҚШ-тың бірінші ханымы екеуміз коронавирусқа тест тапсырдық, оның нәтижесі оң болып шықты. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауға кірістік", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік. АҚШ Президенті ПТР тест нәтижесі шыққанша карантинге кеткен болатын.

Бөлісу:
Дональд Трамп коронавирус жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар