Медицина • 01 Наурыз, 2021

Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды

«Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар - бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн астам адамды егуді жоспарлап отырмыз», - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар, министр ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде.

«Отандық тауарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпанда басталды. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланған», деді ол.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30