Ақтөбеде автокөлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әйтеке би ауданы, Еңбек ту ауылында екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған. Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерген, ал 3 жасар бала өртеніп кетті.
«Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына ескерту жасаймыз. Баланы қадағалап отыру керек. Сонымен бірге балаларға қарапайым сақтық ережесін, қауіпсіздік туралы жиі айтыңыз. Жазатайым оқиғалар көбіне қайғылы аяқталып жатады», деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
